«Миллиондық» қалаларда жастарға 1 мың пәтер құрылысы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «миллиондық» қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың пәтер құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде, халықтың әртүрлі санаттары үшін баспананың қолжетімділігіне баспалдақ құрайтын тұрғын үй және ипотекалық бағдарламалар тиімді іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы бағдарламаның арқасында 100 мыңнан аса отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жыл сайын өңірлерде сатып алу құқығынсыз 4 мың жалдамалы пәтердің құрылысы жүргізіледі. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы тұрғын үй құрылысын дамытуға ерекше серпін берді. Оны іске асыру басталғаннан бері 5 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үйлерді «7-20-25» бағдарламасы қатысушыларына және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына бір мезгілде іске асыру құқығы тиімділік үшін қарастырылды.

«Дәрігерлерге, мұғалімдерге, полицейлерге және басқа да басымдыққа ие мамандарға жеңілдетілген ипотека бойынша алдын-ала төлем үшін тұрғын үй сертификатын беру механизмі енгізілуде. Ағымдағы жылдан бастап «миллиондық» қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың пәтер құрылысы басталады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар