Миллиондаған сириялықтың назары Астанаға ауып тұр - Сергей Лавров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миллиондаған сириялықтың назары Астанаға ауып тұр. Бұл туралы бүгін елордада басталған Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің  кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана процесі басталғаннан бері Астана халықаралық күн тәртіптегі ең өткір мәселелердің бірі - Сирия  мәселесін реттеу бойынша шешім қабылданатын маңызды алаңға айналды. Егер үлкен екпін қоя айтар болсақ, БАҚ Қазақстан елордасының атауын айтқан кезде миллиондаған сириялық Астана жаққа үмітпен қарайды», - деді Ресей Сыртқы істер министрі.

Осы ретте ол Ресей, Иран және Түркияның  осыдан бір жыл бұрын құрған Астана форматы өзінің қажеттілігін көрсетіп отырғанын айтты.

«Іс жүзінде деэскалация аймағы жұмыс істеп тұр, гуманитарлық минасыздандыру ұстанымы әзірленді. Қолға түскен тұтқындарды босату жөніндегі жұмыс тобы құрылып, кеше олар осы жерде өнімді кеңес өткізді.  Әрине, біз де белгілі бір деңгейде гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетіп, БҰҰ қамқорлығындағы 2254 қарар негізінде толыққанды саяси процесті жаңғырту үшін жағдай жасадық», - деді Сергей Лавров.

Соңғы жаңалықтар