Миллион адам WhatsApp-тың жалған қосымшасын жүктеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпшілікке танымал WhatsApp мессенджерін миллионнан астам қолданушылар оның жалған нұсқасын жүктеген. Бұл бағдарламаны жаңалау функциясы қосылған кезде болған, деп жазады Motherboard .

Алаяқтар Google Play қосымшалар дүкеніне WhatsApp Inc. компаниясының аты көрсетілген Update WhatsApp Messenger деген бағдарламаны енгізген. Олар бұл әрекетке өздерінің жарнамасын қою үшін барған.

Қосымшаның жалған нұсқасын жасаушылар барлығы да дұрыс істелген, тек өнім иесінің атында көзге көрінбейтін ерекшелік болған. Яғни, компанияның атымен бірдей болып қалмас үшін ондағы сөздер арасындағы бос орынға әдеттегі пернеден өзгеше юникод символын жазған. Google роботы осыған алданып қалып, оны бұрыннан бар компанияның аты деп қабылдап, жалған қосымшаны бағдарламалар қоймасына тіркеп жіберген.

Пайдаланушылар тарапынан шағым түсе берген соң мессенджер Google Play-ден өшірілді.

Айта кетейік, 3 қарашада WhatsApp қызметінде түрлі кедергілер болып, әлемнің  түпкір-түпкіріндегі пайдаланушылардың барлығы қосымшаға кіре алмай немесе хабарлама жібере алмай шағымданған болатын. Бұл туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар