Милиция қызметкері 4 жасар қызын ұрып-соғып, видеосын интернетке таратқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның жергілікті интернет басылымдарында «Өзбекстан» телеарнасының «Үшбұрыш» ток-шоуында көрсетілген видео қызу пікірталастарға себеп болды.

Видеодан қатыгез әкенің өз перзентін тоқтаусыз ұрып, балағаттағаны көрінеді, «Сен анаңа да керек емессің, маған да керек емессің... Бұдан кейін оңдырмаймын... Үйімнен шығып кет!» деген сөздері естіледі.

kun.uz сайтының жазуына қарағанда, кішкентай қызды төмпештеген оның өз әкесі, Ташкент қаласының тұрғыны, биылғы қазан айында жұмыстан өз еркімен босаған ішкі істер қызметкері А.Х. екендігі анықталған.

Қазір оған қатысты Ташкент қаласы, Шыланзар аудандық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар