«Милан» бапкері Гаттузо төрешіні балағаттағаны үшін футболдан шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның «Милан» клубының бас бапкері Дженнаро Гаттузо бір ойынға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Football-italia басылымына сілтеме жасап.

Гаттузо «Ювентусқа» қарсы өткен Италия Суперкубогы матчында төрешіні балағаттаған.

41 жастағы бапкер ойын барысында төреші Лука Бантидің бірнеше шешіміне келіспей, ойын соңында тіпті қысым көрсеткен. Матчта 0:1 есебімен туриндіктер жеңіске жетті. Марапаттау салтанаты басталар алдында Гаттузо төрешіні балағаттауға да үлгерді. Енді миландықтар Италия чемпионатының «Дженоаға» қарсы 20-тур ойынын бапкерсіз өткізеді.

Соңғы жаңалықтар