Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Карими гимнастикалық керме бойынша жаттығуын сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруде 4-ші, қоссырықта 7-ші орын алды. Аталған жүлде Милад Каримидің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Кеше еркін жаттығуда 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын.

Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар