Милад Карими әлем чемпионатын 21-ші орынмен аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның Штугарт қаласында спорттық гимнасткадан лицензиялық әлем чемпионаты жалғасуда. Кеше көпсайыстан ерлер арасындағы финалдық сын мәресіне жетті, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан атынан финалға жолдама алған Милад Карими 80.132 ұпаймен 21-ші орын иеленді.

Ал жалпы есепте ресейлік Никита Нагорный (88.772) топ жарды. Күміс жүлдені оның отандасы Артур Далалоян (87.165), қоланы украиналық Олег Верняев (86.973) иеленді.

Айта кетелік, Милад Карими көпсайыстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасын жолдама жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар