Микро және шағын бизнес субъектілері салықтан 3 жылға босатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың басынан бастап, арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылдық мерзімге босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнімдерді өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары босатылмайды», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілеріне 3 жыл мерзімге тексеру жүргізуге мораторий енгізіледі. Кедендік тексеру, қарама-қарсы салық тексеру, қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан және салық төлеушінің өтініші бойынша өзінің қызметіне қатысты тексерулер алып тасталынады.

«Cонымен қатар микро және шағын бизнес субъектілеріне онлайн-ККМ және POS-терминалдарды міндетті түрде қолдануды, кірістер мен шығыстар жеңілдетілген есебін кезең-кезеңімен енгізуді, салық есептілігін ұсынуды қамтамасыз ету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар