Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Михаил Кукушкин Уимблдонда оныншы рет өнер көрсетеді

2022 жылғы 23 маусым 21:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдонда негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемнің 160-ракеткасы М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 178-орында тұрған мажарстандық Жомбор Пирошпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші төрт сетте 7:6 (7:3), 6:2, 4:6, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

Үш сағат 35 минутқа созылған кездесуде Кукушкин 5 эйс жасап, 7 брейкке қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші Уимблдонда оныншы рет өнер көрсетеді. Оның бұл «Үлкен дулыға» додасындағы үздік көрсеткіші 2019 жылы тіркелді. Сол жылы төртінші айналымға дейін жетіп, жапониялық Кеи Нишикориге есе жіберді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ол әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицтан ұтылып қалды - 3:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Сербиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.


Автор:

Ғайсағали Сейтақ

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары