Михаил Кукушкин Уимблдонда іріктеу сайыстарының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 160-ракеткасы Михаил Кукушкин Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 230-орында тұрған германиялық, 38 жастағы Филипп Кольшрайбермен күш сынасты.

Бірінші партияда тай-брейкте германиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Есесіне екінші сетте М.Кукушкин қарымта қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда ол 2:0 есебімен алға кетті. Есеп 5:2 болып, матчқа доп бергенде, қазақстандық теннисші сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен содан соң мақсатына жете білді – 6:4.

Екі сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 178-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирошпен кездеседі. Оны жеңсе, биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысына жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Истборн турнирінің үшінші айналымына шыққанын, Аружан Сағындықованың әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына кіргенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Григорий Ломакин Миланда жарыстың бірінші ракеткасын ұтты.



Соңғы жаңалықтар