Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко Президент Кубогінің жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин АТР Челленджер сериясындағы «President's Cup» халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.

Ширек финалдық ойында қазақстандық украиналық Денис Молчановты 6:1, 2:6, 6:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, қазақстандық Дмитрий Попко да АТР Челленджер сериясындағы «President'sCup» теннис бәсекесінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ширек финалда қазақстандық спортшы қытайлық Тайпейден келген Ти Ченді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Енді турнирдің финалына жолдама алу үшін Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко күш сынасатын болады.

Соңғы жаңалықтар