Михаил Кукушкин әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді

2022 жылғы 28 қараша, 13:48
Михаил Кукушкин әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 37-інші, Тимофей Скатов 146-орнында қалды.

Өткен аптада Италиядағы Андрия челленджер турнирінің финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин 223-тен 192-орынға көтерілді.

Яғни ол үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді. Денис Евсеев 295-тен, 293-ке, Бейбіт Жукаев 315-тен 311-ге жоғарылады.

Үздік үштікте бұрынғыша испаниялықтар Карлос Алькарас пен Рафаэль Надаль, норвегиялық Каспер Рууд, жұптық сында нидерландтық Уэсли Колхоф, ұлыбританиялық Нил Скупски, америкалық Раджив Рам келеді.

Жұптық сында қазақстандықтар Андрей Голубев 47-сатыда қалса, Александр Недовесов 53-тен 52-ге, А.Бублик 173-тен 170-ке шықты.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде жекелей сында Елена Рыбакина 22-орнында тұрса, Юлия Путинцева 52-ден 51-ге, Жібек Құламбаева 435-тен 433-ке биіктеді.

Үздік үштікте өзгеріс жоқ – Польша өкілі Ига Свентек, тунистік Онс Жабер, америкалық Джессика Пегула, жұптық сында чехиялық Катерина Синякова, ресейлік Вероника Кудерметова, тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова көш басында.

Жұптық сында Анна Данилина 11-орнында қалса, Ж.Құламбаева 200 теннисшінің қатарына (+3) кірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Италиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық жас теннисші халықаралық турнирде үшінші рет чемпион атанды.

Фото: ktf.kz


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar