Михаил Гусман: Қазақстандықтардың болашаққа зор сеніммен қарап отырғанын сезіндік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстандықтардың белсенді түрде сайлауға қатысып жатқанын байқап, болашаққа үлкен үмітпен қарап отырғандарын сезіндік». Елордадағы халықаралық байқаушылардың баспасөз мәслихатында «ТАСС» ақпараттық агенттігі бас директорының орынбасары, халықаралық байқаушы Михаил Гусман осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлаудың қазір қызған тұсы келген болар. Түске дейін біршама сайлау учаскелерін аралап келдік. Ең алдымен, сайлаудың атмосферасының өте жайлы болғанын атап өткім келеді. Ең алдымен, ел тұрғындарының сайлауда дауыс беруге көптеп келіп жатқаны байқалады. Жарты күннің ішінде әлемдік барлық ақпараттық агенттіктер қазақстандықтардың жартысы сайлауға келіп қойғанын жариялап жатты. Әртүрлі елдерде әртүрлі сайлауларда болдық. Қазақстандағы жауапкершіліктің жоғары деңгейі бізді ерекше қуантып отыр», - деді Михаил Гусман.

Халықаралық байқаушы өз сөзінде сайлауда дауыс беру аяқталғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында толыққанды ой-пікірін түйіндейтінін, жалпы сайлау процесінің өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтып өтті.

«Қазақстандықтардың белсенді түрде сайлауға қатысып жатқанын байқап, болашаққа зор сеніммен қарап отырғандарын сезіндік», - деді Михаил Гусман.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Соңғы жаңалықтар