Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Михаил Бортник: Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде маңызды мәлімдеме жасады

2019 жылғы 12 маусым 16:41 297
Бөлісіңіз:
Михаил Бортник: Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде маңызды мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде маңызды мәлімдеме жасады. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Михаил Бортник осындай пікір айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлықталған Президенттің бағдарламасы елдің үдесінен шығады - Мұрат Бақтиярұлы Сайлау 2019: Азаматтық платформа халықтан 1500 «аманат» жинады

«Бүгін тарихи оқиға болды. Жаңа сайланған Мемлекет басшысы, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық пен мемлекетке адал болуға ант берді. Оның халыққа арнаған сөзінен Қазақстанның әр азаматы өзіне айтылған сөзді табады. Мен ашық саясат жүргізу, демократия, халыққа қызмет етуге қатысты сөздеріне ерекше тоқталғым келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде маңызды мәлімдеме жасалды. Мәлімдеме әлеуметтік саясатты кеңейту және проблемаларды шешуге бағытталды. Мемлекет басшысының ұлтаралық келісімге ерекше назар аударғанын атап өткім келеді.

Мемлекет басшысы Қазақстан көп векторлы сыртқы саясатқа берік қалатынын атап көрсетті. Қазақстан - алпауыт елдердің арасында орналасқан мемлекет. Біздің елдің жетістіктері мен қауіпсіздігі көп жағынан көршілермен қаншалықты дұрыс қарым-қатынастарда болатынымызға да байланысты», - деді М. Бортник.

Сенатор Қ. Тоқаевтың экономиканы дамытуға, ұлттық валютаның тұрақтылығына, тұрғындар, әсіресе, жастар үшін жұмыс орындарын ашуға қатысты айтқан сөздеріне де тоқталды. Оның пікірінше, осының бәрі қазіргі әлемде Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде халқына адал болуға ант берді.

Автор: Мейрамбек Байғарин

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT