Михаил Бортник Есеп комитетінің мүшесі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Михаил Бортник Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Конституциямыздың 57-бабыбының бірінші тармақшасына сәйкес, Парламенттің әр палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Осыған орай Конституцияның 58-бабы үшінші тармағының жетінші тармақшасы негізінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Михаил Бортниктің кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол М. Бортник біраз жыл Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарған еске салды.

Палата депутаттары жалпы отырыста аталған кандидатураны қолдады.

Михаил Михайлович Бортник 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Павлодар индустриялды институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Өнеркәсіптік жылу энергетика инженері, заңгер.

1982-1998 жылдары Ақтау қаласында техникалық құрал-жабдық жөндеу мастері. 1998-1999 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.


Соңғы жаңалықтар