Миграция туралы мәселені телефон арқылы шешуге болады - Ақтөбе

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде құқық қорғау органдары азаматтарды қабылдауды тоқтатып, арыз-шағым электронды түрде қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайға және ел ішіндегі бірқатар шектеуге байланысты облыстық полиция департаментінің көші - қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға арналған құжаттарды рәсімдеу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. Кез келген сұрақ бойынша 55-80-68 телефонына хабарласуға болады. Сонымен қатар елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты облыстық полиция департаменті бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарында орналасқан «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» өз жұмысын уақытша тоқтатты. Азаматтар сұрақтарын жазбаша түрде немесе Ақтөбе облысы полиция департаментінің [email protected] электрондық мекенжайына жібере алады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар