МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған жерде ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жұмыс істеуде

None
None
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше жоспарлы түнгі оқу-жаттығу ұшуын жасау барысында МИГ-31 әскери ұшағы техниканың істен шығу салдарынан апатқа ұшырады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұшақтың құлауы кезінде экипаж катапульталанды. Ұшқыш - экипаж командирі полковник Марат Едігеев қаза болды, штурман - оның орынбасары майор Руслан Галымзянов ауруханаға жеткізілді.

МиГ-31 ұшағы 2012 жылдың желтоқсанында РФ Ржев қаласындағы 514-ші авиа жөндеу зауытында кезекті қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өткен болатын. Оның кепілдік қызмет көрсетудегі ұшу мерзімі 42 сағат. 23 сәуір күні төрт рет жоспарлы ұшу (үш рет күндіз, бір рет түнде) орындалды. Ал 5-ші ұшу кезінде апат орын алды. Бұл оқиға бойынша «514 АРЗ» ААҚ зауытының өкілдері шақырылды.

Оқиға орнында (Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 97 шақырым) ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар