Microsoft Nokia-дағы 9 мыңға жуық қызметкерін қысқартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі ІТ компания Microsoft Corp. жақында сатып алған Nokia компаниясындағы 9 мыңға жуық қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр, деп жазады MarketWatch агенттігі.

Компания сондай-ақ Бейжіңдегі және оңтүстік-шығыстағы Дунгуань қаласындағы бірнеше зауытты жауып тастауды көздеуде. Өндірістік жабдықтардың бір бөлігі Вьетнамға биылғы жылғы наурыз айының соңына қарай жеткізіледі.

Қызметкерлер санын қысқарту шығындарды қысқарту бағдарламасының бөлігі болып табылады, атап айтқанда 18 мың қызметкер жұмыстан шығарылады, соның ішінде 12 мыңнан астамы - Nokia Devices and Services смартфондарының өндірісі бөлімшесінің қызметкерлері болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Microsoft Nokia мобильдік бөлімшесін 7,18 миллиард долларға сатып алған, бұл сомаға Nokia патенттерін қамтитын 2,13 миллиард доллар да кірген. Келісімнің талаптары бойынша, Microsoft-қа Nokia-ның 50 елде орналасқан 130-дан астам бөлімшесінің қызметкерлері өтуі тиіс болған. Жалпы алғанда, компанияның штаты 25 мың адамға көбейіп, барлығы 127 мың қызметкерді құрады.

Соңғы жаңалықтар