+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Microsoft корпорациясы СҚО педагогын Алғыс хатпен марапаттады

2020 жылғы 8 сәуір 23:18
Бөлісіңіз:
Microsoft корпорациясы СҚО педагогын Алғыс хатпен марапаттады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Данияр Уәлиев Microsoft Kazakhstanк корпорациясының Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО НЗМ баспасөз қызметінің мәліметінше, дүниежүзіндегі ірі компаниялардың бірі, бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің көшбасшысы мектеп ұстазының жұмысына жоғары бағалады.

Данияр Уәлиев 2019-2020 жылғы Microsoft Innovative Educator Expert сертификатының иегері, білікті маман. Ол елдегі жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқуын ұйымдастыруға көмек көрсетті, білімімен бөлісті.

«НЗМ ұжымы оқу орнының директоры Нұрғали Елшібековтың бастамасымен Microsoft өнімдерін екінші жыл қатарынан тиімді қолданып келеді. Microsoft Teams, OneNote, OneDrive және де өзге қосымшаларымен жұмыс ауа райы қолайсыз болғанда оқу процесін сапалы ұйымдастыруға көмектесті. Ал қазіргі пандемия жағдайында Microsoft өнімдері оқушыларға онлайн білімді сапалы беруге септігін тигізіп жатыр», - дейді Данияр Уәлиев.

Цифрлық қосымшаларды жетік меңгеріп, оқу процесінде тиімді қолданып жүрген ұстаз өз тәжірибесімен Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерімен бөлісті.

«Данияр қазақстандық білім беру жүйесінің дамуына баға жетпес үлесін қосып келеді. Педагогтардың, оқушылардың заманауи цифрлық құзіретін арттырып, ол өзінің ықылас-ынтасымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына көмегін беруде», - деп жазды Miscrosoft Kazakhstan басшысы Тибор Колеяк мектеп директоры Нұрғали Елшібековке жіберген Алғыс хатында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT