Microsoft Қазақстандағы қызметін кеңейтуі мүмкін - Тоқаевтың АҚШ-қа сапары

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау жоспары талқыланды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Сапар барысында бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен, Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен, JPMorgan Chase & Co. компаниясының төрағасы – бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен, Eurasia Group компаниясының президенті Ян Бреммермен, S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен, Австралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Раддпен, сондай-ақ шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен, ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен, Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалмен кездесті.


Соңғы жаңалықтар