Microsoft балама нұсқаларынан әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін жаңа браузерді қолданысқа шығармақшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Microsoft компаниясы Spartan деген атауға ие болған жаңа браузерді (ғаламтор сайттарын қарауға арналған бағдарлама) дайындау үстінде, деп хабарлайды ТАСС.

Spartan өз жылдамдығымен ерекшеленгенімен, танымал Firefox және Chrome браузерлеріне ұқсас болады. Ол Microsoft-тың Windows 10 - жаңа операциялық жүйесімен бір мезгілде қолданысқа берілмек.

Ғаламтор ресурсының мәліметінше, Windows 10 операциялық жүйесінің шығарылуымен қатар, Internet Explorer 11 де көпшілікке ұсынылады. Бұл ретте, Spartan-ның кем дегенде екі нұсқасы: мобильді және компьютерге арналған түрі шығарылатынын атап өту керек.

Spartan - бағдарламаның уақытша атауы. Кейін оның өзгертілуі де мүмкін.

Соңғы жаңалықтар