Мичиганда қолдан жасалған бомба жарылып, мектеп оқушылары жарақат алды

None
None
НЬЮЭЙГО. ҚазАқпарарат – АҚШ-тың Ньюэйго қаласындағы (Мичиган штаты) мектептердің бірінде оқушы қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны мектепке әкеліп, абайсызда іске қосқан, деп хабарлады штат полициясы. Бұл жайында ҚазАқпарат MLive.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбі күні таңертең сыныпта қолдан жасалған бомба жарылып, төрт оқушы мен мұғалім жеңіл жарақат алды.

Штат полициясы құрылғыны әкелген 16 жасар оқушының орта дәрежелі жарақат алғанын айтты.

Мұғалім мен төрт оқушы медициналық көмекке жүгінген.

Ньюэйго полициясы 08:52-де сыныптағы жарылыс туралы хабар алған, дейді штат полициясы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы жасөспірім қолдан жасалған бомбаны мектепке әкеліп, оны абайсызда іске қосқан. Тергеу амалдары басталды.

Ньюэйго округінің барлық басқа мектептері полиция оқушыларға басқа ештеңе қауіп төндірмейтінін анықтағанға дейін жабылды.

Полиция бомбаның неден жасалғанын және оқушы оны мектепке не үшін әкелгенін анықтап жатыр.

Миналарды тазарту жөніндегі мемлекеттік полиция жасағы, ФБР және Алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар жөніндегі федералды бюро (ATF) оқиға орнында.

Олар пайдаланылған жарылғыш заттарды анықтауға көмектесуде.

Полиция тұрғындардан мектепке жақындамауын сұрады.


Соңғы жаңалықтар