Мичида Риокко Семей полигоны құрбандарына арналған әнді жапонша шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей полигонының құрбандарына арналған «Заман-ай» әнін орындайтын Хиросима әншісі Мичида Риокко Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапондық әнші Астанаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің шақыртуымен  Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің І «Рухани қазына» фестиваліне келген.

nullӘннің сөзін Ұлықбек Есдәулет, ал әуенін Төлеген Мұхаметжанов жазған.  Бұл туындыны 2016 жылдың қараша айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарында хиросималық балалар шырқаған еді.

null«1999 жылы Хиросима қаласында ядролық сынақ құрбандарына медициналық көмек көрсету үшін «Хиросима-Семей»  ұйымы құрылған болатын. Бұл ұйым жыл сайын студенттерді тағылымдамаға шақырады. Сол қазақстандық студенттер арқылы ұйым басшылығы Семейдегі полигон құрбандарына арналған «Заман-ай» әнін естіген және жүрекке жеткен әсерлі әнді жапон тіліне аударуды ұйғарған. 2016 жылы бұл әнді балалармен Қазақстан Президентіне шырқап бердік. Президент риза болып, әр баланың қолын алып, алғысын білдірді», - дейді Мичида Риокко.

Әнші мұндай әнді орындаудың үлкен мәртебе екенін және Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын жеткізді.


«Астанаға өз қызыммен келдім. Елге деген құрмет белгісі ретінде тырнағыма Қазақстан туын салдырдым. Жапония қалаларымен салыстырғанда Астананың жері кең. Халықтары да бізге ұқсайды, қос халық арасында ұқсастықтар көп» - дейді жапондық әнші.

nullАйта кетейік, Астанада Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің бірінші «Рухани қазына» фестивалі басталды. Үш күнге жоспарланған шара аясында пленарлық отырыстар, шеберлік ссабақтары мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып,  мемлекеттік музейлер мен мемлекеттік кітапханалар арасындағы республикалық «Рухани қазына - 2018» байқауының нәтижесі жарияланады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар