+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Ми импланттары ойланудың болашағы ма – The Guardian

2019 жылғы 23 қыркүйек 03:19
Бөлісіңіз:
Ми импланттары ойланудың болашағы ма – The Guardian

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Екі жыл бұрын сал ауруымен ауыратын 66 жастағы Деннис Дегрей өз миынан досының телефонына хабарлама жіберген еді, себебі оның миына кішкентай импланттар салынған болатын», деп жазады The Guardian.

Бұл тарихи оқиға болғанымен, мамандардың айтуынша, имплант миға орналастырылғандықтан, кері реакция да болады әрі уақыт өте келе сигналдар да әлсірей береді.

«Бүкіл әлем бойынша мұндай имплант тек он адамға салынған. Ал шілде айында Илон Маск Neuralink компаниясы құрастырып жатқан импланттарды таныстырған еді. Қазір бұл импланттар маймылдарға қондырылған, ал 2020 жылдың соңында адамға салына бастайды. Neuralink компаниясына 158 миллион доллар қаржы салынған», - делінген мақалада.

Дегенмен, Ұлыбританияның Патшалық қауымдастығы нейрон интерфейсінің технологияларын қолдану және реттеудің жүйесі қажет екенін мәлімдеді.

«Мидың мәліметтері кімге тиесілі? Олар қандай мақсатта қолданылуы мүмкін? Үшінші тарап миды басқару мүмкіндігіне ие бола ала ма? Импланттарды хакерлер бұза ала ма? Сонымен қатар этикалық мәселелерді де ескеру керек. Технологиялар тиімді болса, оны тек байлар ғана қолдана ала ма? Бұны да зерттеу керек», - дейді қауымдастық мамандары.

Сарапшылардың айтуынша, техникалық проблемалар шешілгенімен, әлеуметтік факторлар кедергі болуы мүмкін. Яғни, этикалық, құқықтық және әлеуметтік салдарды назарға алу керек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT