Ми-8 апаты: Экипаж тікұшақтың шаруа қожалығына құлауына жол бермеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының экипажы әуе кемесін шаруа қожалығының үстінен әрірек алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен апат орын болған жерге бірінші жеттім. Алғашқыда көргенім тікұшақ бөліктерінің жан-жаққа шашырап кеткені болды. Куәгер ауыл тұрғынының айтуынша, «тікұшақ тура үстінен ұшып өтіп барып, құлаған». Бұл экипаждың соңына дейін күрескенін дәлелдейді. Шаруа қожалығы зардап шекпес үшін тікұшақты басқа жаққа бұрып әкеткен. Мен 13 жігіт те - батыр деп есептеймін», - деді ҚР Қарулы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапқан еді. Кейіннен Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.

Соңғы жаңалықтар