Мезгілсіз өмірден озған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайлау қашан өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мезгілсіз өмірден озған сенатор Гүлмира Кәрімованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар оның орнына жаңадан сенатор сайлау рәсімі қалай өтетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза болуына байланысты Сенат депутатының өкілеттігі тоқтағаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы 2 айдың ішінде шығып қалған депутаттың орнына өңірде сайлау өткізуі тиіс. Мәслихаттың таратылып, таңдаушылардың болмауына байланысты сайлаудың өзін тағайындау мәслихаттардың жаңа құрамы сайланғаннан кейін ғана мүмкін болады. Яғни, 19 наурыздан кейін ғана. Бұл 2 айдың ішінде сайлаудың тағайындалуы қажеттігі туралы заң нормасына қайшы келмейді», - деді Константин Петров бүгін ОСК отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылған.


Соңғы жаңалықтар