Мейрамханаға тікұшақпен келген ұшқыш қызметінен шеттетілді- комитет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жас жұбайларды тікұшақтан мейрамхана алдына түсірген ұшқыш қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына қарағанда, оқиға шамамен Шу қаласында болған.
«2019 жылдың 15 шілдесінде бірқатар БАҚ-та № UP-RB006 тіркеу нөмірлі R-44 тікұшағын қондыру сәті бейнеленген видео жарияланды. «Falcon Avia» ЖШС-не тиесілі тікұшақ елді мекен аумағында (шамамен Шу қаласы) қонған. Осылайша, ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен бекітілген азаматтық авиацияда ұшу қағидаларының 423-тармағының ережесі бұзылған», - делінген азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Аталған оқиға бойынша ҚР Азаматтық авиация комитеті елді мекен аумағына қонуға жол берген ұшқыш А. В. Матвиенконы ұшудан шеттетті. Сондай-ақ, «Falcon Avia» ЖШС-нің ұшу процестерін ұйымдастыру жұмыстарын тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілген.
Айта кетсек, әлеуметтік желілерде жас жұбайлардың үйлену тойына тікұшақпен келген видеосы тараған болатын.
- Италиялық хирург алматылық қыздың тамағына ота жасап, дауысын қайтарды
- Ақтөбеде 153 жылыту бекеті дайындалды
- 2020 жылы қандай авиамаршруттар субсидияланады
- 11 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
-
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті
-
Қазақстанда өндірілген тауарларды 120-дан астам ел тұтынып отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам