Мейрамханада тамақтанған ер адам 11 мың доллар шайпұл қалдырып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ мейрамханаларының бірінде отырған жұп бұл жерде 11 мың доллар шайпұл қалдырды, деп хабарлайды ABC News.

Ер адам мен әйел әуелі 331,40 долларға кешкі ас ішкен соң, 1 мың доллар қалдырды.

Одан кейінолар тағы қалып, 89,89 долларға тамақтанған соң, тағы 10 мың доллар көлемінде шайпұл қалдырған. Ер адам өз түсініктемесінде бұл «Иса үшін шайпұл» деп жазып кеткен.

Өткен жылы дәл осы ер адамның 2,5 мың доллар көлемінде ақша қалдырып кеткені атап өтіледі. Бұған дейін «Оскардағы» пицца жеткізушінің 1 мың доллар шайпұл алғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар