Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мейрамбек Бесбаев - қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.



Соңғы жаңалықтар