Мейрам Қажыкен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтемемен.

Кездесуде студенттер кандидатқа сұрақтар қойып, білім беру, мәдениетті дамыту, саясатпен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 1937 жылы құрылған. ЖОО-да 6 факультет, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, сондай-ақ кәсіподақ жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар