«Мейірімділер клубы» елордада әлеуметтік қызмет көрсететін орталыққа барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күніне орай астаналдық «Мейірімділер клубы» «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мейірімділер клубы» бес жылдан бері жұмыс істеп келеді және түрлі салаларда волонтерлерді біріктіреді.

«Біз бүгін «Шарапат» орталығының тұрғындары ұйымдастырған концертке келдік. Елорда тұрғындарымен бірге қаражат жинап, шағын сыйлықтар алып келдік. Осы орталықтағы ата-әжелерге қамқорлық көрсету үшін үнемі келіп тұрамыз. Бүгінгі атаулы күннің міндеті – жақындарға ғана емес, қоғамдағы көмекке мұқтаж жандарға да назар аудару қажеттігін еске салу үшін қажет. Мен оларды қоғамның толыққанды мүшелері деп санаймын. Қоғамда бізді және мүмкіндігі шектеулі адамдарды ажыратуды тоқтату керек», - дейді «Мейірімділер клубының» волонтері Кәмшат Бақтығалиева.


«Шарапат» орталығының 32 жылдық тарихы бар. Бұл жерге І, ІІ топ мүгедектері және зейнеткерлер келіп тұра алады.

«Қазіргі уақытта орталықта 301 адам өмір сүреді. Оынң ішінде 120 адам – І, ІІ топтағы мүгедек адамдар, қалғаны – қариялар. Ең үлкені – 96 жастағы ҰОС ардагері, ал ең жасы – 1992 жылы туған, І топтағы мүгедек. Бұл мекемеде 7 қызмет көрсетіледі. Үлкен адамдар болғандықтан, педагогикалық қызмет жүрмейді, қалған мемлекеттен міндеттелетін барлық қызмет көрсетіледі – еңбек терапиясы, психологиялық көмек, мәдени қызмет, құқықтық-экономикалық, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетіледі. Біздің «Кіші емхана» деп атаймыз. Біздің штатымызда 8 дәрігер бар, олар тәулік бойы тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді», - деп түсіндірді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ардақ Сейітова.


Орталықта 422 адам жұмыс істейді, олардың арасында үйге барып қызмет көрсететін әлеуметтік жұмысшылар, медбикелер, дәрігерлер, палаталық санитарлар бар.

«Орталық мемлекет тарабынан қаржыландырылады, Мұнда 70-ке жуық қария ақылы түрде, ай сайын 67 мың теңге төлеп тұрады. Өйткені, олар үйінде жалғыз болмау үшін өз еркімен келген. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, осындай мекемелелерде тұратын қариялардан зейнетақының 70 пайызы ұсталады. Ол қаражат өздерінің киім-кешегіне, дәрі-дәрмек пен басқа да қызметтерге жаратады», - дейді орталық өкілі.


Әлеуметтік орталық тұрғындары таңертең дене шынықтыру, гимнастика жасайды, бассейнге барады, скандинавиялық жүру, еңбек терапиясы, үстел теннисі, шахмат, дойбы, домино үйірмелеріне қатысады.


Соңғы жаңалықтар