Мейірім Нұрсұлтанов Канело-Ковалев айқасының андеркартында жекпе-жекке шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (12-0, 8КО) рингке оралар уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан хабарланғандай, отандық файтер 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand бокс кешінде өнер көрсетеді. Ондағы басты жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35КО) пен ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29КО) кездеседі. Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейін соңғы рет Ресейдің Челябі қаласында WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын. Мейірім Нұрсұлтанов ол кезде ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізіп, 10 раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов пен Сергей Ковалев бүгінде «Main Events» промоутерлік компаниясында жұдырықтасып жүр.

Соңғы жаңалықтар