Метро басшылығы Абай-Момышұлы қиылысы неге ашылмағанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Метрополитен» МКК басшылығы Абай-Момышұлы көшесін уәде етілген мерзімде неге ашпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бауыржан Момышұлы мен Абай көшелерінің қиылысындағы инженерлік желілердің тозуына байланысты «Алматы су» МКК су желісін төсеу қажеттілігін жеткізді. Сондықтан жөндеу жұмыстары 13 қыркүйекке дейін созылатын болды», - деді «Метрополитен» МКК басшылығы.

Айта кету керек, Мәскеу стансасынан Достық стансасына дейін метро нысандарының құрылысы басталуына байланысты 12 шілдеде Абай көшесінен Бауыржан Момышұлы көшесінің шығысына қарай жол қозғалысы жабылған болатын. Метрополитен басшылығы болса, жөндеу жұмыстарын 31 тамызда аяқтап, жолды ашамыз деп сендірген еді.



Соңғы жаңалықтар