«Металлург» Магнитогорск - «Барыс» ҚХЛ матчын қайдан және қашан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы матчында астаналық «Барыс» Магнитогорск қаласының «Металлург» командасымен ойнайды, деп жазады Sports.kz.

Бұл жарыс бүгін, Астана уақытымен сағат 20:00-де басталып, тікелей көрсетілімі «Qazsport» телеарнасында өтеді.

Екі команданың кездесуі Магнитогорск қаласында 7700 көрерменді сыйдыратын «Арена-Металлург» стадионында болады.

1XBET букмекерлік кеңсесі ресейлік клубты жеңіске үміткер деп санайды: Магнитогорсктың «Металлург» командасының жеңіске жету коэффициенті 4.32, ал «Барыстыкі» - 3.08. Болуы мүмкін есеп: 2:2, бұған коэффициент - 9.8 болып тұр.

Атап өтейік, қазіргі кезде «Барыс» командасы Шығыс конференциясында бесінші орын алып отыр, Андрей Скабелкидің командасының активінде 69 ұпай - негізгі уақытта 23 жеңіс пен овертайм және буллиттер топтамасында әрқайсысында төрт жеңістен, шайбалар - 153:123. «Металлург» болса, 70 ұпаймен одан бір саты жоғары тұр.

Соңғы жаңалықтар