Metallica 2016 жылдан бері алғашқы альбомын шығарды

Фото: Фото: Kevin Winter/ Getty Images
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС – ҚазАқпарат - Metallica рок тобы 2016 жылдан бері алғашқы альбомын шығарды, 72 Seasons деп аталатын әндер жинағын әртүрлі платформаларда, соның ішінде YouTube арнасынан тыңдауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Альбомда жалпы ұзақтығы 77 минуттан асатын 12 трек бар. Топтың соңғы Hardwired... To Self-Destruct студиялық альбомы 2016 жылы шықты.

Бұған дейін топтың вокалшысы Джеймс Хетфилд 72 мезгіл – адамның тұлға ретінде қалыптасатын алғашқы 18 жылы екенін түсіндірді. Альбом шыққаннан кейін топ 2023-2024 жылдары гастрольдік сапарға шықпақшы.

Metallica – америкалық топ. 1981 жылы негізі қаланған. Музыкалық мансабында топ он студиялық альбом, төрт концерттік жазба, он екі бейне альбом, кавер альбом және екі шағын альбом шығарған.


Соңғы жаңалықтар