+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Металл конструкцияның астында қалған әйел: Сотқа дейінгі тергеу басталды

2021 жылғы 22 қазан 22:45
Бөлісіңіз:
Металл конструкцияның астында қалған әйел: Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында әйелдің төбесіне металл конструкция құлап, ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Осы орайда аталған оқыс оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмысы басталды.

«22 қазан күні сағат 13:00 кезінде «102» желісіне Сығанақ көшесі бойындағы бизнес орталықтың шатырынан әйелдің төбесіне металл конструкция құлағаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, 56 жастағы әйелдің төбесіне қатты желдің әсерінен металл конструкция құлаған, салдарынан әйел жарақат алған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Есіл аудандық полиция басқармасы болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сараптама жүргізіліп, соталды тергеу ісінің басталғанын хабарлады.

Бұған дейін елордада төбесіне металл конструкция құлап, салдарынан жарақат алып ауруханаға түскен әйелдің жағдайы туралы хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT