Металл артқан жүк кемесі Қара теңізге батып кетті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Металл артқан жүк кемесі Қара теңізге батып кетті. Борттағы экипаж мүшелері құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Кеме бір жағына қарай жантайып, суға батып кетті. Экипаждың сегіз мүшесі түгелдей құтқарылды. Олар қазір Новороссийск айлағын бетке алған танкердің бортында», - деп мәлім етті «Росморречфлот» баспасөз қызметі агенттікке.

Айтуынша, экипаж мүшелерінің арасында екі Түркия және алты Әзербайжан азаматы бар.

«Олардың жағдайы жақсы», - деп нақтылады «Росморречфлоттағылар».

Мәскеу уақыты бойынша сағат 06:45-те Севастопольдің теңіз құтқару орталығының кезекшісінен Панама туын іліп алған белгісіз кеменің Қара теңізде, жағалаудан 50 миль қашықтықта апатқа ұшырағаны жөнінде хабар келіп түскен. Кеме бір жағына қарай жантайып кеткен. Шұғыл арада кемедегі адамдар құтқарушы салға көшірілді. Көмекке теңіз кемелері келіп жетті. Оның ішінде «Минерва» танкері де бар. Ол апатқа ұшыраған кеменің экипажын отырғызып, оқиға орнынан алып кетті.  

«Ал кеменің өзі суға батып кетті» деп хабарлады «Росморречфлоттан».

Мұнда судың тереңдігі - 1900 метр. Судың ластану қаупі жоқ. Құтқару орталығының мәліметінше, кеме бұл металды Түркияға апара жатқан. 

Фото: Петр Ковалев/ТАСС

Соңғы жаңалықтар