Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның спорттық басылымдарының қауымдастығы «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге «Алтын бутсы» табыс етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты.

Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды.

Л.Мессиге «Алтын бутсы» бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын. Месси «Алтын бутсы» сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында - бүгінде «Ювентус» сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.

 

Соңғы жаңалықтар