Месси бастаған үздік 11 ойыншы әлем құрамасына енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлем құрамасына енген үздік 11 ойыншыны атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, IFFHS құрамасына «ПСЖ» командасы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси кірді. Сондай-ақ Мессидің командаласы, Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе, «Алтын доп» иегері, мадридтік «Реалдың» сұрмергені Карим Бензема бар.

Сөйтіп, тізімге мына футболшылар енді.

Қақпашы: Тибо Куртуа (Бельгия, «Реал» Мадрид);

Қорғаушылар: Альфонсо Дэвис (Канада, «Бавария»), Вирджил ван Дейк (Нидерланд, «Ливерпуль»), Йошко Гвардиол (Хорватия, «РБ Лейпциг»), Ашраф Хакими (Марокко, «ПСЖ»);

Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брёйне (Бельгия, «Манчестер Сити»), Лука Модрич (Хорватия, «Реал» Мадрид);

Шабуылшылар: Лионель Месси (Аргентина, «ПСЖ»), Килиан Мбаппе (Франция, «ПСЖ»), Карим Бензема (Франция, «Реал» Мадрид), Эрлинг Холанд (Норвегия, «Манчестер Сити»).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зиданға сөз айтқан Франция футбол федерациясының президенті қызметінен шеттетілгенін жазған болатынбыз.

Фото: Сhampionat.com
Соңғы жаңалықтар