Месси алғаш рет Роналдуға дауыс берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА жылдың үздік ойыншысын таңдау бойынша дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды SPORTINFORM.

Еске салайық, марапатқа «Реалдың» жартылай шабуылшысы және Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич ие болған еді. Дауыс беруге ұлттық құрама капитандары мен бас бапкерлер қатысты.

Модричтен кейінгі екінші орынды иеленген Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду  бірінші орынға Рафаэль Варан, екінші орынға Лука Модричті, ал үшінші кезекке Антуан Гризманды қойды. Лионель Месси аталмыш тізімге  енбеді.

Месси болса бірінші орынға Модричті, екіншіге - Килиан Мбаппені, үшінші орынға Роналдуды қойды. Лионель алғаш рет Роналдуға дауыс беріп, «Реал» ойыншысын үздіктер үштігіне енгізді.

Модрич үштігіне Варан, Роналду, Гризманды кіргізді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов пен команда капитаны Бауыржан Исламхан дәл Месси секілді дауыс берген. Олар бірінші орынға - Лука Модрич, екінші кезекке - Килиан Мбаппені, ал үшінші орынға Криштиану Роналдуды қойды.

 

Соңғы жаңалықтар