Месси әлем чемпионаттарында матч өткізу жөнінен Марадонаның рекордын жаңартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси атақты отандасы Диего Марадонаның рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С тобында Польшамен кездесуге Месси өз командасын бастап шықты. Сөйтіп ол Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионаттарындағы 22-інші матчын өткізді.

Бұған дейінгі рекорд Марадонаға тиесілі болатын. Ол ұлттық құрама сапында дүниежүзілік біріншілікте 21 ойын өткізген еді.

Қазіргі кезде Польша – Аргентина ойынының екінші таймы өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Иран-АҚШ матчы несімен әлем назарын аударып отырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Эквадорды жолдан тайдырған Сенегал плей-офқа шықты.

Нидерланд құрамасының шабуылшысы өз елінің рекордын орнатты.

Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды.

Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін.

Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе Туниспен ойынға қатыспауы мүмкін.

Тунистен ұтылған Франция өз тобында бірінші орынға ие болды.


Фото: DAN MULLAN/GETTY IMAGES

Соңғы жаңалықтар