Месси әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Хорватиямен өткен жартылай финалдық матчта 11 метрлік айып добын дәл орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шабуылшының әлем чемпионатттарындағы 11-інші голы еді.

Осылайша, Л.Месси отандасы Габриэль Батистутаның көрсеткішінен асып түсті.

Шабуылшы Г.Батистута әлем чемпионаттарында 10 гол соққан еді.

Л.Месси сонымен қатар бір әлем чемпионатында 1/8, 4/1және 2/1 финалда гол соққан алтыншы ойыншы атанды. Бұған дейін осындай нәтижеге Сальваторе Скилаччи (ӘЧ-1990), Роберто Баджо (ӘЧ-1994), Христо Стоичков (ӘЧ-1994), Давор Шукер (ӘЧ-1998) и Уэсли Снейдер (ӘЧ-2010) қол жеткізген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің «Алтын допқа» басты үміткер атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Криштиану Роналду Португалия құрамасында ойнай бергісі келеді.


Соңғы жаңалықтар