Мэссенджерлерде полиция подполковнигінің атынан тараған ақпарат жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама таратылуда. Мәтін авторы өзін ҚР Іішкі істер вице-министрі етіп тағайындамайтын болса, құпия ақпараттарды жариялаймын деп жазған.
Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада ҚР ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұл дерекке ешқандай қатысы жоқ.
«30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С. Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайдаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапқа тарту туралы өтініш жазды.
Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда», - делінген ІІМ ресми хабарламасында.
- Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
- Павлодар облысында 162 жылыту пункті дайындалды
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
- Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды
-
Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал
-
Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам