Мешіттерде садақа терминалдар арқылы қабылданады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерге терминал орнату арқылы жариялылыққа көшудің алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұсылман қауым асыға күткен қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Рамазан айында ораза ұстаудан бөлек жағдайы бар адамдар пітір садақа беруге міндетті. Биылғы пітір садақа көлемі 300 теңге. Бұған дейін пітір садақа мешіттерде қолма-қол немесе арнайы  жәшіктер арқылы берілсе, енді терминалдар арқылы аудару мүмкіндігі бар.

Бұл туралы «Мешіттерге садақа терминалдары орнатылуда. Мешіттің есеп-шотына түскен қаржы қайырымдылық шаралар мен құлшылық үйінің коммуналдық шығындары мен дін қызметкерлерінің жалақысына, ғылыми, игі жобаларға жұмсалады. Бұл - қолма-қол ақшадан арылу деген сөз. Мүфтияттың бұл бастамасы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады», -  деп хабарлады Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ағабек Қонарбайұлы.

Айта кетсек, соңғы жылдары мешіт қаражатының ашық көрсетілмейтіні, имамдардың Рамазан айында берілген садақа мөлшері мен оның жұмсалуы туралы есеп бермейтіні жайында әлеуметтік желіде халық жиі талқылаған болатын.

Осы орайда жуырда мәжілісте мақұлданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері» туралы заң негізінде барлық діни бірлестіктер жылына бір рет БАҚ арқылы түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар