+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Мешіттегі садақа жәшігін тонаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

2021 жылғы 19 сәуір 04:04
Бөлісіңіз:
Мешіттегі садақа жәшігін тонаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
25 жастағы Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде жалған хабарламалар таратқан Түрмеде жазасын өтеп жатқандар жанұяларымен бейнебайланыс арқылы жүздесті БҚО тұрғыны жиһаз жасап беремін деп 17 адамды алдаған

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігінен жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтты.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT