Мешітте коронавирус анықталды: Фейк-ақпарат таратқан әйел істі болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Шымкент мешітінде коронавирус жұқтырған адам анықталғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалған ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған. Оны полицейлер әлеуметтік желілердегі ақпараттарға мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарламаны таратты деген күдікпен 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, Әл-Фараби аудандық ПБ тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар