Мешіт асханаларының қызмет ақысынан кім салық төлейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мешіт асханаларының қызмет ақысынан кім салық төлейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мешіт жанындағы асханаларда құдайы астар өткізілгені үшін тұрғындар ақы төлейді. Оның салығын мешіттер қалай төлеп отыр», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Бас мүфти мұның бәрі заңмен реттелгенін атады.

«Кейбір мешіттердің жанында асханалары бар. Бұл асханаларды мешіттер жеке кәсіпкер сияқты түрлі формадағы мекемелерге жалға береді. Олар асхананы пайдаланғаны үшін мешітке ақша төлейді. Мешіт сол қаражаттан имамдардың жалақысын, су мен жылудың ақысын төлейді. Ал мешіттен жалдап алған асханалардың иелері салықты өздері төлейді. Мемлекеттің өкілетті органдары олардың жұмысын қадағалайды. Біздің жұмыс – мешіттің асханасы болса, оларды падаланатын кісілерге қызмет көрсетуге жалға беру», - деді Бас мүфти.


Соңғы жаңалықтар