Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 29 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Мерзімінен бұрын босатылғандарға алкогольдік ішімдік ішуге толық тыйым салынбақ

2018 жылғы 14 наурыз 12:03 1613
Бөлісіңіз:
Мерзімінен бұрын босатылғандарға алкогольдік ішімдік ішуге толық тыйым салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольдік ішімді ішуге толық тыйым салынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
23 жастағы жігітті өлтірген қостанайлық полицейге үкім шықты ОҚО-да сотталып кете жаздаған жасөспірім ақыры 14 жастағы қызға үйленетін болды

«Мас күйінде жасалатын және рицидивтік құқықбұзушылықтардың қосымша әдістері мен формалары орнатылады. Атап айтқанда, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольдік ішімді ішуге толық тыйым салынады»,- деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар министрдің орынбасары бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу үш жылдан бастап, соттылығы жойылатын мерзімге дейін ұзартылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек ол әкімшілік тұрғыда ұстауға тартылған адамдарға мерзімді 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту енгізіліп отырғанын атап өтті.

«Олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ұстау шарты бекітіледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

 


Басты сөздер: Заң, Парламент, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат