Мерзімі өткен ПТР анықтамамен ұшып келген жолаушы депортацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның бәрі - ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166.

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39;

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59;

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3;

- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетел азаматы COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.


Соңғы жаңалықтар