+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Мерзімді әскери қызметшілер Арыстағы жұмысқа тартылған жоқ – Нұрлан Ермекбаев

2019 жылғы 14 қазан 12:00
Бөлісіңіз:
Мерзімді әскери қызметшілер Арыстағы жұмысқа тартылған жоқ – Нұрлан Ермекбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мерзімді әскери қызметшілер Арыс қаласы полигонындағы жұмысқа тартылмайды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласында жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталды Арыстықтар қала күнін атап өтті Өмірзақ Шөкеев: 1 қарашаға дейін Арыстағы барлық жұмыс аяқталады

«Жоғарғы Бас Қолбасшының бізге берген тапсырмасы бар. Оқ-дәрілерді тезірек алып шығу мақсатындағы мемлекеттік қажеттілік, Арыс қаласы тұрғындарының талаптары баршылық. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Арыстағы жағдайды ретке келтіру үшін 700 әскери қызметші жұмылдырылған.

«Біз ол жаққа мерзімді әскери қызметшілерді тартпаймыз. Онда біліктілігі жоғары, дайындалған саперлер, инженерлер мен әскери полицейлер ғана барады. Барлығы да - келісімшарт бойынша қызметтегілер», - деді ол.

Сонымен бірге министр қаланы оқ-дәріден тазарту жұмыстарын тек маманданған әскерилер жүргізе алатынын мәлім етті.

«Бұл әлбетте, қауіпті жұмыс. Арыс қаласының тыныштығын сақтап, тапсырманы орындау үшін әскери қызметшілер саналы түрде тәуекелге барып жүр. Әскери қызметшілерден басқа ешкім бұл жұмысты атқара алмайды. Бұл үшін, тағы да айта кетейін, дайындығы мығым әскери мамандар тартылған. Дәл қазіргі уақытта қала тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Қала толығымен тазартылған. Негізгі жұмыс жарылыс болған әскери бөлім аумағында жүргізілуде», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында жарылыстан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT